YÖS дегеніміз не?

YÖS дегеніміз не?

YÖS (шетелдік оқушылар сынағы) – Түркияның жоғары оқу орындарында білім алғысы келген шетелдік талапкерлерге арналған емтихан түрі. Бір емтихан нәтижесі тек бір университеттегі бір факультетке өтініш беруге жарамды. Аталған емтихан түрін 2010 жылға дейін «Оқушы таңдау және орналастыру орталығы»  (ÖSYM) ұйымдастырады, 2011 жылы қабылданған қарарға байланысты шетелдік студенттерге арналған сынақта әр университет өзі өткізетін болды. 

YÖS сынағына қандай пәндер енеді? 

YÖS сынағы түрік тілі мен жалпы қабілетін тексеруге арналған екі бөлімнен тұрады. Негізгі білім деңгейін анықтауға арналған бөлім математика, геометрия және IQ (логика) пәндерінің тапсырмаларынан құралған. 

Жалпы қабілетті анықтауға арналған бөлімі сұранысқа қарайы ағылшын немесе түрік тілінде беріледі. 

Университеттер талапкерлерді іріктеу кезінде Жалпы қабілетті тексеру сынағының нәтижесін негізге алады. Талапкерлердің бұл емтиханнан түрінен алған  ұпайлары есептеліп, ретіне қарай бакалавр немесе дайындық курсына қабылдайды. 

Кей университеттер YÖS емтиханына физика, химия, тарих және география пәндерінің де сұрақтарын қосады. 

YÖS сынағындағы түрік тілінен берілген сұрақтарға университет басымдық бермейді. Бұл сұрақтар талапкерлердің түрік тілін қай деңгейде меңгергенін ғана білдіреді. Түрік тілінен төмен баға алған талапкерлер университетке түскен соң бір жыл түрік тілі курсына жіберіледі. Жыл соңында түрік тілі сынағында тиісті баға алса, мамандығы бойынша оқуын жалғастыра алады. 

БҰЛ ЕМТИХАНҒА КІМДЕР ҚАТЫСА АЛАДЫ? 

Емтиханға өтініш берген талапкерлер мектепті бітіруі немесе соңғы сыныбында оқуы шарт; 

  • Емтиханға өтініш берген талапкерлер мектепті бітіруі немесе соңғы сыныбында оқуы шарт; 
  • Туғаннан Түркия азаматы болып, кейін басқа мемлекеттің азаматтығын алып, Түркияның Ішкі Істері министрлігінде Түркия азаматтығынан бас тартқандар;
  • Шет елде туып, кейін Түркия Республикасының азаматтығын алғандар / қос азаматтығы бар талапкерлер; 
  • Орта мектепті шетелде немесе Түркияда бітірген Түркия азаматтығын алмаған шет ел азаматтары;
  • Орта білімді шет елде алған Түркия Республикасының азаматтары; 

НӨМІРІҢІЗДІ ҚАЛДЫРЫҢЫЗ. БІЗ ХАБАРЛАСАЙЫҚ