ПОЧЕМУ TÖMER КУРС

                   Түрік және шетел тілдерін зерттеу және басқару меркезі (TÖMER) түрік тілін дұрыс оқыту мақсатында Түркияда шетелдік студенттер мен ересектер үшін өткізіледі және оқуды аяқтаған студенттерге ресми сертификат беріледі, бұл сертификат көптеген мекемелерде қабылданады.

                  Түркияда тұратын шетелден келген студенттер мен ересектерден түрік тілінде сөйлеу және жазу талап етіледі. Мұның көптеген себептері бар.
Мысалы: Сіз шетелдіксіз және Түркия университетінде оқығыңыз келеді. Бұл жағдайда университетке тіркелу кезінде түрік тілінден ​​емтихан тапсыруыңызға керек болады. Бұл емтиханнан өтү үшін түрік тілін білуге қажет.
Егер сіз Түркияға ұзақ мерзімді тұруды немесе толық көшуді ойласаңыз, онда әлеуметтік өмірде кез келген ресми істер, сұхбаттар, басқалармен диалог құру мақсатында түрік тілін білмесеңіз жасай алмайсыз.

Түрік тілін оқытуды бастамас бұрын әр студент түрік тілін меңгеру деңгейін анықтау үшін емтихан тапсырады. Студенттің қандай деңгейде, қандай бағдарламамен оқуды бастайтыны емтиханнан өткеннен кейін анықталады.

 

TÖMER оқу деңгейлері мен кезеңдері төмендегідей ұсынылған;

А1 деңгейі: Студент күнделікті деңгейде қолдана алатын негізгі сөздік қорын меңгереді. Өзін немесе басқа адамды таныстыра алады. Егер басқа адам анық және баяу сөйлесе, оқушы оны түсініп диалог құра алады.

А2 деңгейі: Студент негізгі терминдер мен сөйлемдерді пайдалана отырып, белгілі бір тақырыптар бойынша жақындарымен сөйлесе алады. Белгілі бір тақырыптар мен жиі кездесетін жағдайлар туралы ақпарат алмаса алады.

В1 деңгейі: Студент тақырыбы анық және жай тілмен берілген мәтіннің негізгі ойын түсіне алады. Сондай-ақ өзін қызықтыратын тақырыптарға қатысты күрделі мәтіндерді түсіне алады. Бір-біріне байланысты негізгі сөйлемдерді құра алады. Саяхат барысында туындайтын белгілі бір мәселелерді шеше алады. Жақындарымен болған жағдайлар туралы ақпарат бөлісе алады.

В2 деңгейі: Оқушы күрделі мәтіндердің негізгі мазмұнын түсіне алады. Өзінің қызығушылық саласына қатысты терминдерді үйренеді және оларды іс жүзінде қолдана алады. Өз ойын анық, тез жеткізе алады. Әр түрлі ақпаратты егжей-тегжейлі бөлісе алады. Күндетілкті мәселелерге жауап бере алады, сонымен қатар осы мәселенің оң және теріс жақтарын сипаттай алады.

С1 деңгейі: Студент ұзақ және ауыр мәтіндерді түсінеді, сонымен қатар оларға мазмұны жаза алады. Ұзақ уақыт бойы сөздерді таңдамай, өз ойын тез әрі анық жеткізе алады. Тіл туралы білімін қоғамда, жұмыста, мектепте пайдалана алады. Түрлі тақырыптар бойынша ойларын нақты, жоспарлы, егжей-тегжейлі жеткізе алады.

С2 деңгейі: Оқушы естігені мен оқығанының бәрін түсіне алады. Әртүрлі дереккөздерді пайдалана отырып, белгілі бір тақырыпқа қатысты сипаттамалар жасай алады. Өз ойын өте анық, ашық және өте жылдам жеткізе алады. Белгілі бір тақырыптарға байланысты қорытынды жасап, оны жеткізе алады.

ТЕЛЕФОН НӨМІРІҢІЗДІ ЖАЗЫП КЕТІҢІЗ.
БІЗ СІЗГЕ ХАБАРЛАСАМЫЗ