Білім беру саласында қызмет көрсететін алғашқы компаниялардың бірі саналатын Tasarı білім беру орталықтарының іргетасы 1984 жылы қаланған. Алғаш ашылған күннен бүгінге дейін оқушыларды лицейге, кәсіптік-техникалық оқу орындарына, бакалаврға, магистратураға түсуге дайындап, айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізген.
YÖS сынағына дайындық курсы Түркия бойынша биік деңгейге көтеріп, алыс-жақын шетелден келген талапкерлер арасында жоғары беделге ие болған бірден бір құрылым. Компания жаңалықтарға әрқашан ашық, білім беру тәсілдерін заман ағымына сай тұрақты түрде жаңартып отырады.
Уақыт өте келе Tasarı Білім беру орталықтарының қызметіне сұраныстың артуы басқа да аймақтар мен аудандарда филиалдардың ашылуын себеп болды. Бүгінде Түркиядағы 3 үлкен мегаполисте 12 филиалы бар ауқымды компаниялар желісі. Ыстамбұл, Измир, Анкара, Бурса, Анталия сияқты қалаларда өз өкілдіктерін ашқан Tasarı Білім беру орталықтары әр жылда 2000-ға жуық талапкерді YÖS сынағына дайындап, Түркияның беделді университеттеріне түсуге көмектеседі. Boğaziçi Университеті, Orta Doğu Техникалық Университеті, İstanbul Техникалық Университеті, Yıldız Техникалық Университеті, Marmara, Ege, Dokuz Eylül Университеттеріндегі шетелдік студенттердің 75% – Tasarı Академиясының түлектері.
Tasarı Білім беру орталықтары соңғы 10 жылда шетелдік оқушылар сынағында (YÖS) жүзден астам оқушының жоғары баға алуына ықпал етіп, жетістіктің кездейсоқ болмайтынын дәлелдеп келеді. «Табысқа бастар жол – TASARI Академиясынан басталады» ұранына сай болу үшін түрлі кедергілерден өтіп, бүгінде білім беру саласындағы жоғары деңгейлі компаниялары қатарында. Орталық қатып қалған қағидалармен емес, бүгінгі буынның көзқарасына бейімделіп, олардың қызықтыра алатын әдістемелермен жұмыс істейді. Жаңа технологияның мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқушылардың талаптарына сай болуға тырысуда басқа әріптестеріне үлгі көрсете білді.
39 жылдық тәжірибесі бар Tasarı Білім беру орталықтары тамырын тереңге жайып, оқушылар арасында абыройын арттырып, олардың қалаған оқуына түсуге көмектесуді әрқашан басты мақсаты етіп келеді.